Блогыма қош келдіңіз!

Сәлем. Егер менің блогымда өзіңізге керекті мәліметтер таба алсаңыз қуаныштымын. Блогымды вордпресс жүйесінде 2010 жылдан бері жүргізіп келемін. Вордпресс жүйесінен импорттап осында экспорттаған соң біршама сілтемелер, видеолар, суреттер жөндеп көрсетпеуі мүмкін. Алдағы уақытта барлық сілтемелерді жөндеп шығуға тырысамын. Егер сізге керек мәліметті реттеу керек болса маған хабарласыңыз! Менің е-поштам ulykbek@yahoo.com. Бұйыртса әр түрлі мәліметер әсіресе керағар ағымдар жайлы жазып тұруға тырысамын.

Иорданияда жоғалған сумка

Каирден тікелей Стамбулға билет алдым. 2008 жыл болу керек. Паспортты ауыстырған соң нақты күні есімде қалмапты. Ұшақ емес автобусқа. Маршруты да қызық Суэц каналы (суретте) арқылы, Қызыл теңіз, Иордания, Сирия арқылы Антакиядан More »

Сириядан естелік, 5-ші мысал

Абдулла өз көлігімен Кафарсуса Лиуаннан көшіріп берді. Ол жайлы мына сілтемеде. Миза Басатинде тұрып жатырмыз. Оған параллель Миза Отострад деген жер бар. Автострада болса керек. Оқылды: 204 More »

Кеттік төбеден домалап қайтайық!

Жалпы сектаның түрі көп. Оның қазіргі кезде үш түрін кездестіруге болады. Діни сипатта, сауда-саттық сектасы, магиялық секта. Сауда-саттық дегеннен түсінікті шығар негізгі мақсат ақша табу. Ойнет сайты күні кеше Отырартөбеде аунап жатқандар More »

«Әкеңнің көзі кетсе де, көзін көрген кетпесін»

«Әкеңнің көзі кетсе де, көзін көрген кетпесін» деген сөзді бала кезімде әкемнен жиі еститін едім. Бірақ бала болған соң мән бермеген екенбіз. 16 жылдың басында әкемнің замандастарымен, класстастарымен таныстым. Әкем жайлы қызықты More »

Сириядан естелік, 4-ші мысал

Егер естеріңізде болса оразаның басталғанын мына сілтемеде айтқан болатынмын. Ораза ұстап жүрміз. Бір күні көрші Абдулла жігіт үйіне қонаққа шақырды. Көшеде, дүкенге барғанда сөйлесіп қалатынбыз. Жанындағы жасөспірімдер «осы сіз Джет Лиді, Джеки More »

 

Иорданияда жоғалған сумка

Каирден тікелей Стамбулға билет алдым. 2008 жыл болу керек. Паспортты ауыстырған соң нақты күні есімде қалмапты. Ұшақ емес автобусқа. Маршруты да қызық Суэц каналы (суретте) арқылы, Қызыл теңіз, Иордания, Сирия арқылы Антакиядан кіріп Стамбулға бірақ барады. Әрине арзан болған соң, ол уақытта ел көру деген ой болмапты. Автобусқа міндім. Суэц каналын көретін болдым деп іштей қуанып келе жатырмын. Жолдан бір туннельден өтіп бір жағалауға келдік.

Сириядан естелік, 5-ші мысал

Абдулла өз көлігімен Кафарсуса Лиуаннан көшіріп берді. Ол жайлы мына сілтемеде. Миза Басатинде тұрып жатырмыз. Оған параллель Миза Отострад деген жер бар. Автострада болса керек.

Кеттік төбеден домалап қайтайық!

Жалпы сектаның түрі көп. Оның қазіргі кезде үш түрін кездестіруге болады. Діни сипатта, сауда-саттық сектасы, магиялық секта. Сауда-саттық дегеннен түсінікті шығар негізгі мақсат ақша табу. Ойнет сайты күні кеше Отырартөбеде аунап жатқандар туралы жазған болатын. Сөз арасында оларды сектанттар деген. Менің пікірім егер білгісі келсе сыртынан түсіріп алмай, барып, журналистік зерттеу жасағаны дұрыс еді.

«Әкеңнің көзі кетсе де, көзін көрген кетпесін»

«Әкеңнің көзі кетсе де, көзін көрген кетпесін» деген сөзді бала кезімде әкемнен жиі еститін едім. Бірақ бала болған соң мән бермеген екенбіз. 16 жылдың басында әкемнің замандастарымен, класстастарымен таныстым. Әкем жайлы қызықты әңгімелер естіп бір рахаттанып қалған едім. Бүгін әкемнің замандасымен тағы сұхбат құрып қайттым. Уақыттың зымырап өткенін байқамай қалыппын. Ұзақ әңгімелессек керек, кеш болған соң қайттым.

Сириядан естелік, 4-ші мысал

Егер естеріңізде болса оразаның басталғанын мына сілтемеде айтқан болатынмын. Ораза ұстап жүрміз. Бір күні көрші Абдулла жігіт үйіне қонаққа шақырды. Көшеде, дүкенге барғанда сөйлесіп қалатынбыз. Жанындағы жасөспірімдер «осы сіз Джет Лиді, Джеки Чанды танисыз ба?» деп сұрайтын еді.

Сириядан естелік, 3-ші мысал

Ораза басталып кетті. Алла тағала көрші арабты себеп қылып таңертең тамақтанып алдық. Ол туралы мына сілтемеде. Негізі аш емеспіз, азын аулақ ақшамыз бар. Ауызашар уақыт жақындаған соң мешітке барып аср (намаздыгер) намазын оқып алып, ортадағы ақшаны алып дүкенге келдім. Бүгінгі ас-ауқат дайындау менің мойнымда болатын. Дүкенге келіп керек заттарымды айтып алып жатырмын. Дүкеншіге күріш 1 кг десем 5 кг ал дейді. 5 нан десем ол аз болады 10 нан ал дейді. Мен ішімнен «ақшам жетпейді» деп ойланып тұрмын.

Сириядан естелік, 2-ші мысал

Дамаскідеміз, келгенімізге 1 айдан асқан уақыт болатын. 2003 жылдың соңғы айлары. Ораза жақындап қалған уақыт. Дамаск университетіне құжат тапсырып, шапаттап жүрміз. Айтайын дегенім Сирия халқының тағы бір жақсылығы еді.

Ораза келді. Ауылдан алып келген ақшамыз да таусылатын уақыт таяп қалды. Ертеңгі күн оразаның алғашқы күні болатын. Жан нәсіп, тәуекел деп жаттық. Таңертең көрерміз деп.

Талдықорған көркемөнер галереясы

Талдықорған көркемөнер галереясы 1950 жылдары салынған екен. 2002 жылы күрделі жөндеуден өткізіліп, сәулетшілер жобасымен жөнделген. Галерея ғимараты композиция бойынша ықшамды және сындырлы болып, қаланың сәулет кеңестігіндегі ерекше әсем құрылысқа айналған.  Көркемөнер галереясына блогқұрылтайға барған блогерлер болып барды, шолу жасадық. 3 қабатты 10 экспозициялық залдан тұратын бұл галереяға 245 туынды қойылған екен.

Сириядан естелік, 1-ші мысал.

2003 жыл Антакиядан (Түркия) автобусқа мініп Алеппо, Хама арқылы Дамаскіге келдім. Автовокзалға келген соң, жүктерімді көтеріп, барар жеріме такси іздеген болатынмын. Қасыма бір араб жақындап келіп, такси іздегенімді байқап, ысқырып бір такси шақырып берді. Сөмкелерімді көтерісіп көлікке салды. Іштей риза болып тұрмын. Сол-ақ екен қалтасынын ақша шығарып таксиге төлеп жіберді. Қой дегеніме қарамады. Мен мәзбін, не деген жомарт жан еді деп қоямын ішімнен. Таксиге мініп діттеген жерге бет алдық, жүргізуші жолда тоқтап, сусын мен лаваш алып маған берді. Мен алмаймын дегеніме қарамады.

Керағар ағымдарға қарсы не істеу керек?

Керағар ағымдарға қарсы не істеу керек? Ия, орынды сұрақ әрі барлығымызды мазалап жүргендігі де орынды. Күні кеше ОҚО-ның бір ауданына барып, керағар-деструктивті ағымдардың жетегінде кеткен жастардың ата-аналарымен кездесу өткіздік. Кездесу барысында байқағанымыз, сол жастардың ата-аналары: «ұлым (қызым) жақсы, айтқанымды орындайды, арақ ішіп, темекі, наша шекпейді, бүлік шығарып жатқан жоқ» дейді. Бір жағынан қарасаңыз дұрыс сияқты. Бірақ шынымен де солай ма? Егер базарға (олардың дені базарларда сауда жасайды) бара қалсаңыз таразыдан жемей, лажы болса тұтынушының (клиент) көңілінен шығуға тырысады. Әрине алдамаған соң, таразыдан жемеген соң сол сатушыға қайта айналып келеріңіз анық. Халық не себепті олардың қателіктерін байқамайды? Бұл сауалға былайша жауап бергенді жөн көрдім. (Бұл менің жеке пікірім).